$ 447.4  477.55  4.76

Оқушыларға арналған 990 теңгелік тарифтің қашан қосылатыны белгілі болды

Бұл тарифтен білім платформаларына кіру үшін мегабайт кетпейді.
фото: informburo.kz
фото: informburo.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында "Күнделік" ЖШС бас директоры Мұхтар Ілиясов оқу жылы басталған кезде тариф қолжетімді болатынын айтты, деп хабарлады КТК арнасы.

"Алдыңғы қатарлы ұялы операторлар 990 теңгелік "Білім" тарифын жасап шығарды. Ол жылдың басынан бастап барлығына қолжетімд болады. Бұл тарифтен білім платформаларына кіру үшін мегабайт кетпейтін болады", - дейді

Сонымен қатар, платформа басшыларының бірі Якунен Владилен платформалар қаншалықты сапалы болғанымен, интернет нашар болса, сабақ оқу қиындайды дейді ол.  

"Егер оқушылар мен мұғалімдерде интернет жылдамдығы жоғары болатын болса, сабақтың өту сапасы да жақсара түспек. Бірақ біздің жүйелеріміз интернетің сапасы нашар болса да істейтін болады. Осы тұрғыда провайдерлерге интернетпен қамту мәселесін шешсе деп ұсыныс айтқым келеді", - деді ол. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары