Семейде 17 жыл бойы интернаттың тәрбиеленушілерін зорлап келген педагог түрмеде белгісіз жағдайда қайтыс болды деп хабарлайды Informburo.kz. Айыпты сәуір айының соңында 20 жылға бас бостандығынан айрылған болатын.
Сот үкімі жуырда ғана күшіне енді. Сол күннің ертесіне 44 жастағы Б.Сополев тергеу изоляторында жіпке асылып қалған. Бұл жайтты Семей қалалық прокуратурасы растап отыр.
Айта кетейік, №5 мектеп-интернаттың мұғалімі 17 жыл бойы тәрбиеленушілерді зорлап келген. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, азғын 12-14 жас аралығындағы оннан астам баланы жәбірлепті. Сот процестерінің бірінде, жәбірленушілердің бірі зорлық-зомбылықтан кейін психикасының бұзылғанын, салдарынан өзінің де педофилияға әуестене бастағанын айтқан.