$ 487.37  532.94  5.09

Қазақстанда зейнетке шығу жасы төмендетіле ме? - министр жауабы

Олар азаматтардың барлығы бірдей зейнеткерлік жасқа дейін өмір сүре бермейтінін айтқан.
Фото: sputniknews.kz
Фото: sputniknews.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі онлайн брифингте Қазақстанда зейнетке шығу жасы төмендетіле ме деген сауалға жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Журналистердің пікірінше, коронавирус пандемиясы көптеген қазақстандықтардың денсаулығында проблемалар бар екенін көрсетті. Олар азаматтардың барлығы бірдей зейнеткерлік жасқа дейін өмір сүре бермейтінін айтқан.

Осыған байланысты БАҚ өкілдері Қазақстанда зейнетке шығу жасы қысқарады ма деп сұрады. Бұған жауап ретінде Біржан Нұрымбетов қазір министрлер кабинеті зейнеткерлік жасты төмендету мәселесін қарастырып жатпағанын мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, қазіргі уақытта билік тұрғындардың табысын арттыру мақсатында жұмыс істеп жатыр. БЖЗҚ-ға аударымдардың мөлшері тікелей осыған байланысты. Тағы бір міндет - жұмыспен қамтуды арттыру. Ең алдымен, халықтың ресми жұмыспен қамтылуы және қазақстандықтардың зейнетақы активтерінің кірістілігі маңызды.

Айта кету керек, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдер 59,5 жасында, ер адамдар - 63 жасында зейнетке шыға алады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары