$ 498.51  522.84  4.81

Қазақстан Тәжікстанға 873 мың долларға гуманитарлық көмек жіберді

Былтыр Тәжікстанда лай көшкінінен зардап шеккен тұрғындарға Қазақстан үкіметі 18 вагон гуманитарлық көмек жолдады. Бұл жайында ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлап отыр. Азық-түлік толтырылған пойыз Душанбеге 10 мамырда жетіп, бүгінде мұқтаж халыққа таратыла бастады.

Гуманитарлық көмекті тәжік билігіне Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі Нұрлан Сейтімов табыстаған. 18 вагонның ішінде ұн мен макарон өнімдері, ет және консервіленген сүт, кептірілген көкөністер, өсімдік майы, сары май, шай және өзге де тағам түрлері бар. Жіберілген өнімдердің жалпы құны 873 мың АҚШ долларын құрайды.

Айта кету керек, Қазақстан былтыр да Тәжікстанға қол ұшын созған болатын. Ол кезде біздің үкімет 4,7 миллион долларын Душанбеге жолдаған. Бұл Тәжікстанға келген барлық гуманитарлық көмектің 9,5%-ы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары