Алматы қаласында демалыс күндері қоғамдық көлік жұмысы тоқтайды, сауда үйлері мен сауда ойын-сауық орталықтары жабық болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің №59 қаулысында айтылды. Қаулыда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері бірқатар шектеу шаралары енгізілетіні көрсетілген.
5-6 қыркүйекте жұмысы тоқтайтын нысандар:
Сондай-ақ, қалада демалыс күндері қоғамдық көлік пен метро жүрмейді.
Бұған дейін қаланың бас санитар дәрігері жұқпалы аурудың қоғамдық көлік арқылы көп тарайтынын айтты. Сонымен қатар Алматы – Ұзынағаш, Алматы – Қаскелең бағытындағы электр пойыздары демалысқа қарамай қатынайтынын айтқан болатын.
Алматыда қоғамдық көлік 7 қыркүйек сағат 6.00-де қайта жүреді.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда 6 қыркүйекте қоғамдық көлік тоқтайды. Ол күні автобустар мен автопарктерде дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.