$ 445.66  474.58  4.78

Колумбияда 8 тонна кокаин жасырылған қойма табылды

Колумбиялық полицейлер елдің солтүстік-шығысында орналасқан Турбо қаласының іргесінен 8 тонна кокаин жасырылған қойманы тапты деп хабарлайды BBC News. Есірткі саудагерлері күдік тудырмас үшін қойманы фермалардың бірінен тұрғызған.

Басылымның хабарлауынша, бұл соңғы онжылдықта табылған ең ірі есірткі партиясы. Ал, полицияның мәліметінше, ірі көлемдегі кокаин Усуга деп аталатын қылмыстық топқа тиесілі болған.

Бұған дейін Колумбияның қорғаныс министрі Луис Карлос Вегас елдің барлық күштік құрылымдары қылмыстық топтармен күресетінін, әсіресе солшыл радикалды ФАРК тобына тосқауыл қою үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтқан болатын.

Ал, ФАРК тобы болса өз кезегінде билікпен бейбіт келісімге келіп, өз істерін заңдастыруды жоспарлап отыр. Бүгінде екі тарап арасында 50 жылға созылған текетірес соңына жетуге жақын тұр. Осы 50 жылдан астам уақыт ішінде 220 мың адам өліп, 6 миллионы көшіп кетуге мәжбүр болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары