Үндістан парламентінің депутаты - «Бхаратия джаната парти» партиясының өкілі Пунамбен Мадам тілшілерге сұхбат беріп тұрған сәтте жер опырылып, саясаткер жер астына түсіп кетті. Ол тұрған жердің астында кәріз жүйесі болған деп жазады Asian News International.
Оқиға кеше Джалла Рамнагар қаласында орын алған. Екі метр тереңдікке құлаған депутатты дереу жедел жәрдем станциясы ауруханаға жеткізген. Ол айтарлықтай дене жарақаттарын алғанымен денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ дейді дәрігерлер.
Айта кету керек, Пунамбен Мадам сұхбат барысында аталған елдімекендегі әлеуметтік жағдайдың тым төмен екенін, инфрақұрылымның әбден тозығы жеткендігін баяндап тұрған.