Ішкі істер органдарындағы сенімді дереккөздердің мәлімдеуінше, Амангелді Ақыновтың табылғандығын әкесі хабарлаған. Бұл мәліметті оның туыстары да әлеуметтік желіде растады.
Дереккөздің мәліметінше, ОҚО әкімдігінің қызметкері осы уақытқа дейін өзге қалада болған көрінеді. Істің анық-қанығын полиция өкілдері анықтайтын болады.
Естеріңізге салайық, Амангелді Ақынов 11 мамыр күні кешке жұмысынан шығып, үйіне сол күйі оралмаған. Ол ОҚО әкімдігі баспасөз қызметінің маманы болған көрінеді. Соңғы рет осы күні кешкі сағат тоғыздар шамасында үйге кеш оралатынын айтып хабарлама жазыпты. Мұнан кейін оның ұялы телефоны сөндірілген.
Ұлының жоғалғандығын Амангелдінің әкесі араға бес күн өткеннен кейін ғана полицияға хабарлаған.