$ 448.56  478.03  4.79

Астанада жасөспірімді автобус қағып кетті (ВИДЕО)

Жол апаты салдарынан 16 жастағы жасөспірім түрді дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.


Астанада 16 жастағы жасөспірімді автобус қағып кетті , - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты елордалық полиция басқармасына сілтеме жасап.

Оқиға 2020 жылдың 8 қыркүйегінде сағат 14.40-та болған. Iveco маркалы автобусының жүргізушісі Кенесары көшесімен Жұбанов көшесі жақтан келе жатып, 2003 жылғы жасөспірімді қағып кеткен.

"Жол апаты салдарынан 16 жастағы жасөспірім түрді дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Бала рұқсат етілмеген жерде жолдан өтпек болғаны анықталды", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта осы дерек бойынша анықтау шараларын жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары