Мамырдың 16-20 күндері аралығында ішкі істер органдары тарапынан жүргізілген рейдткі шаралар барысында Қазақстанда болу ережесін бұзған 17 мың шетелдік азамат анықталған деп хабарлайды ҚР ІІБ баспасөз қызметі.
Айта кетейік, «Заңсыз келуші-2016» алдын алу іс-шарасы заңсыз көші-қоныға қарсы арнайы жүргізілген болатын. Рейд бүкіл ел аумағын қамтыды. Нәтижесінде полицейлер Қазақстанда болу талаптарын орындамаған 17 мың шетелдікті анықтап ұстаған. Олардың басым көпшілігі гастарбайтерлер. Ал, 1635 шетел азаматы елімізден мәжбүрлі түрде шығарылған, оның ішінде 83 адам азаматтық сот өндірісі тәртібінде шығарылды.
«Шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережесін бұзғаны үшін 1735 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іздестіруде жүрген 80 адам, оның ішінде алыс шетелдің 2 азаматы және ТМД-ның 5 азаматы ұсталды» делінген ІІМ таратқан ақпаратта.