$ 447.4  477.55  4.76

Шымкентте 12 жастағы оқушы қыз жоғалып кетті

Оңтүстікқазақстандық полицейлер із-түссіз жоғалып кеткен 12 жастағы Шымкент тұрғыны Балнұр Насырды іздеп жатыр. Ол 22 мамыр күні кешкі сағат тоғыздар шамасында үйден шығып сол күйі оралмаған деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Қаратау аудандық ІІБ-не Балнұрдың анасы 22 мамыр күні түнде арызданып келген. Оның айтуынша, ойын баласы "Нұрсат" шағын ауданындағы үйінен аулаға шығып кетіп, сол күйі қайта оралмаған. Ата-анасы өздігімен іздеп көргенімен онысынан нәтиже шықпапты. Тәртіп сақшылары шұғыл іздеу тобын құрып, Балнұрды іздеу жұмыстарына кірісіп кетті.

Балнұр Насырдың белгілері: бойы - 150-155 см, орта денелі, көзі мен шашы қара түсті. Үстінде жасыл түсті кофта, жасыл шалбар және көк түсті жеңіл аяқ киім болған.

ОҚО полицейлері Насыр Балнұр Бақытжанқызын көрген-білгендерді төмендегі байланыс телефондарына хабарласуын сұрайды:

8-771-883-30-13, 8-747-909-99-66 немесе 102.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары