$ 498.34  519.72  4.85

Египет сарапшылары апатқа ұшыраған ұшақта жарылыс болғанын мәлімдеді

Жерорта теңізіне құлаған EgyptAir әуе компаниясының Airbus A320 ұшағында апат алдында жарылыс болған. Бұл туралы бүгін Египеттің криминалистері мәлімдеді деп жазады Associated Press.

Естеріңізге салайық, Парижден Каирге бет алған лайнер 19 мамыр күні таңғы уақытта радар бетінен жоғалып кеткен болатын. Араға бір күн салып Египет билігі Жерорта теңізінен апатқа ұшыраған ұшақтың қалдықтары мен адам мәйіттерін тапты. Әуе кемесінің бортында барлығы 66 адам болған, олардың 56-сы жолаушылар, қалған он адам экипаж мүшесі. Апат салдарынан аман қалғандар жоқ.

Қазіргі таңда апат себептері анықталып жатыр. Негізгі болжамдардың бірі - теракт. Өйткені, экипаж мүшелері ешқандай ақаулар туралы айтпаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары