$ 441.66  475.14  4.86

Атыраулық полицейлер гастарбайтерлерді тонап келген

Атырауда қалалық ішкі істер басқармасының екі қызметкері сотталды деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық сотың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қос полицей еңбек мигранттарын тонап келген деп айыпталып отыр.

Тергеу барысында белгілі болғандай, тәртіп сақшылары 2015 жылдың шілдесінен бастап Атырауда жұмыс істеп жүрген Өзбекстан Республикасының азаматтарын ұстап, өздерін көші-қон полицейлеріміз деп таныстырған. Мұнан кейін жұмысшыларды қорқытып, олардың ұялы телефондары мен ақшаларын тартып алумен айналысыпты. Осылайша бас-аяғы бес өзбек жәбірленген. Оларға келтірілген шығын 800 мың теңгеден асып отыр.

Сот үкіміне сәйкес, экс-полицейлер "Тонау" және "Алаяқтық" деректері бойынша айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандықтарынан айрылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары