$ 443.44  480.51  4.88

Биыл ОҚО-да 31 мың бала мектеп бітірді

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 31 288 оқушы мектеп бітірді. Олардың 20 мыңға жуығы ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген. Бұл туралы бүгін журналистермен кездесу өткізген ОҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Раушан Ергашова мәлімдеді.

Оның айтуынша, биылғы өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге өңірдегі 19798 мектеп бітіруші өтініш берген. Бұл облыстағы жалпы түлектердің 74,3 пайызын құрап, аталған көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4,5 пайызға өсіп отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл ұлттық бірыңғай тестілеу науқаны 2-8 маусым аралығында өтпек. Осыған байланысты, емтихан өтетін 16 тест бекетінің материалдық-техникалық базасына талдау жүргізіліп, толығымен жасақталып отыр дейді Р.Ергашова.

11 сыныпты бітірушілердің ішінде 1440 оқушы «Алтын белгі» белгісіне, 603 оқушы жалпы орта білім туралы үздік аттестат алуға, 9 сыныпты бітіруші 3649 оқушы негізгі білім туралы үздік куәлікке үміткер. Еске салайық, 2014-2015 оқу жылында 609 бала «Алтын белгі» белгісін растаған болатын.

Брифингке қатысқан ОҚО білім саласын бақылау департаментінің бөлім басшысы Дина Агманова облыс түлектері аталған бірыңғай тестке дайын екенін жеткізді.

- Ұлттық бірыңғай тестілеуде шәкірт шектік балды жинай алмаған жағдайда, 2242 теңге төлеп, тамыз айындағы кешенді тестілеуге қатыса алады. Яғни 4 пән бойынша сынақ тапсырып, 50 балдан жоғары жинаған жағдайда, ол ақылы түрде еліміздегі жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндігі бар, - деді Д.Агманова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары