$ 444.22  476.38  4.82

Атырауда белгісіз адам 10-нан астам зиратты қиратып, өртеп кетті (ВИДЕО)

Мәтен қожа моласына жергілікті халық ем іздеп келеді. Әулиенің бейіті кімге кедергі болғаны әзірге белгісіз.
Фото: видеоан скриншот
Фото: видеоан скриншот

Атыраудан жантүршігерлік оқиға. Тасшығыл ауылында жергілікті тұрғындардың біреуі Мәтен қожа мазарын өртеп, маңындағы тағы 12 зиратты қиратып кетіпті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Тұрғындардың айтуынша, молаға от қыркүйектің 27-де қойылыпты. Тұрғындар мен өрт сөндірушілер өртті екі сағат жүріп зорға сөндірген. Ауылдағылар, "От қойған бұрыңғы шырақшы", деп отыр.

Алайда, оған ресми дәлел жоқ. Айта кетейін. Мәтен қожа моласына жергілікті халық ем іздеп келеді. Әулиенің бейіті кімге кедергі болғаны әзірге белгісіз.

"Атаның мазарын сындырған, атаның түнек үйін өртеп жіберген. Бірақ түнек үйінің заттарын біздер далаға шығардық.  Атаның түнек үйін алып қалдық. Басқа ештеңе алып қала алмадық", - дейді Қызылқоға ауданының тұрғыны Нұртас Бекмағанбетов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары