Жаңалықтар 05.10.2020 сағат 12:00

Армения Әзірбайжан астанасын бомбалау сәтінен ВИДЕО жариялады

Видеоның екінші бөлігінде соққының салдары: адамдардың көліктері, үйлердің қирағаны, снарядтардың қалдығы көрсетілген.
Армения Әзірбайжан астанасын бомбалау сәтінен ВИДЕО жариялады
Фото: Reuters
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Арменияның Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Шушан Степанян Facebook желісіндегі парақшасында Таулы Қарабақ Республикасының (мойындалмаған) астанасы Степанакертке жасалған соққының видеосын жариялады, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz РИА Новости.

Роликтің басында дабыл естіледі, кейін Әзербайжан тарапынан бомбаның соққысын көруге болады. Видеоның екінші бөлігінде соққының салдары: адамдардың көліктері, үйлердің қирағаны, снарядтардың қалдығы көрсетілген.

ВИДЕОНЫ көру үшін мына сілтемені басыңыз: https://www.facebook.com/shushanstepanyan/videos/3299876863381784/?t=117

Еске салайық, 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады.

Себебі Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения Қарулы Күштері Қарабақтағы елді мекендерге оқ жаудырғанын мәлімдеді, осы ақпараттарға сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Армения ҚМ мәлімдеуінше, Карабақ "әуе және зымыран шабуылына тап болған", Армения Әзербайжанның екі тікұшағы мен үш ұшағын жойғанын хабарлады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар