Биыл Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толып отыр. Осы айтулы мерейтойға орайы, Ұлы ойшыл Әл-Фараби шығармаларын түпнұсқадан қазақ тіліне аудару жоспарланып жатыр, - деп хабарлайды Sn.kz.
Бүгінге дейін бізге Ұлы ойшыл Әл-Фарабидің шығармалары орыс тілі арқылы аударылып келді. Енді биыл екінші ұстаздың кітаптарын түпнұсқадан, яғни араб тілінен қазақшаға аудару жоспарланып отыр.
Ғұламаның саяси әлеуметтік трактаттары қазақ ғалымдарының ғана емес, әлем елдерінің ерекше назарын аудартты. Оның еңбектерінің ішіндегі шоқтығы биік туындыларының бірі – «Музыканың үлкен кітабы» трактаты. Атаулы еңбегі бір жарым мың беттен тұрады.
«Бұл кітапта музыканың теориясы, музыканы математика және физикалық ғылым саласына жатқызады. Мұнда 10 гормония туралы айтады. Бізде 7 нота ғой, әуен мен поэзияның үндестігі, бірінші ән жазылуы керек, одан кейін сөз жазылуы керек дейді. Екеуі бір-біріне сәйкес болуы керек дейді, сәйкес болмаса, дұрыс шығарма шықпайды», – деді философия ғылымдарының докторы, фарабитанушы Жақыпбек Алтаев.
Айта кетейік, әл-Фараби орталығы әлемнің белді 12 университетінде ашылған. Оның еңбектері – әлем жұрты үшін әлі де сыры ашылмаған құнды дүние. Сондықтан екінші ұстаздың шығармаларын зертеп зерделеу мерейтойдан кейін де жалғаса беретін анық. Биыл орта ғасырлық ұлы ойшыл Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл. Арада осынша уақыт өтсе де, оның шығармалы өзектілігін жойған жоқ.