$ 448.15  483.46  4.86

«Адам қаққан Лексус көлігі Тұрсынбек Қабатовтың атына тіркелген»: полиция арнайы мәлімдеме жасады

БАҚ мәліметінше, 34 жастағы ер адам жол апатына түсіп, алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмған.
Фото: qamshy.kz
Фото: qamshy.kz

Әлеуметтік желіде қазақстандық шоу бизнес жұлдызы Тұрсынбек Қабатовтың жол талғамайтын көлігі адам қағып кеткені туралы ақпарат тарады. Қарағанды ​​облысының полициясы бұл жағдайға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Ақпарат Kokshetau Asia ақпараттық агенттігінің сайтында жарияланған. 

БАҚ мәліметінше, 34 жастағы ер адам жол апатына түсіп, алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмған.

"Артынша марқұмның туыстары қара Лексус қазақстандық шоу бизнес өкілі, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа тиесілі екенін айтқан.

Марқұмның анасы жәбірленуші тарап ретінде оған деген алалаушылық автокөлік иесінің танымалдылығымен байланысты екеніне сенімді", - деп хабарлайды журналистер.

Оқи отырыңыз: Тұрсынбек Қабатовтың көлігі адам қағып кетті

Қарағанды облысының полициясы оқиға былтыр қазан айында болғанын растады. 

"Тұрсынбек Қабатовтың атына тіркелген "Лексус" көлігін тізгіндеген Нұр-Cұлтан қаласының тұрғыны түнгі уақытта Омарқұлов.Е есімді азаматты қағып кетті, ол оқиға орнында көз жұмды.

Тергеу барысында сараптама жүргізіліп, нәтижесінде "Лексус" көлігінің жүргізушісі тас жолда келе жатқан жәбірленушімен соқтығысудың алдын ала алмаған. Одан бөлек, "Лексус" көлігінің жүргізушісі жол апаты кезінде сау болған, ал жәбірленуші орташа дәрежелі мас күйде болған. Тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды", - дейді Қарағанды ​​облысы бойынша ПД тергеу бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Алмаз Саламатов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары