$ 444.32  473.33  4.76

Түркі әлемінің ұлы ойшылы

Онлайн көрмеде «Қайырымды қала» және таңдамалы трактаттардан, Әл-Фарабидің екі томдығынан жинақталған «Бақыт туралы кітап» жөнінде де мазмұнды ақпараттар ұсынылды.

Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығына орай Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Қызылтам ауылдық кітапханасының мамандары  «Түркі әлемінің ұлы ойшылы» атты көрме өткізді. Виртуалды көрмеде Шығыс ойшылының еңбектері жайлы құнды мәліметтер берілді. Көрме барысында оқырманға «Ғибратнама», «Фараби», «Әл-Фараби және қазақ халқының рухани мұрасы» сынды бірқатар кітаптар таныстырылды. 

Онлайн көрмеде «Қайырымды қала» және таңдамалы трактаттардан, Әл-Фарабидің екі томдығынан жинақталған «Бақыт туралы кітап» жөнінде де мазмұнды ақпараттар ұсынылды. Сонымен қатар, Ә.Нысанбаев құрастырған «Таңдамалы трактаттар» кітабы жайлы да мәлімет берілді. Өйткені, бұл кітап ғылыми қызметкерлерге, жоғары және арнайы білім беру орындарының оқытушылары мен білім алушылары үшін таптырмас бағалы дүние.

«Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені бұлар жұрт айтқандай тамшысымен тас тесетін бейне бір су тәрізді» деген Әл-Фараби бабамыз. Осы орайда  әлемнің екінші ұстазы атанған Шығыстың ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабиге қатысты кітаптар төңірегінде мейлінше құнды ақпараттар ұсынуға тырыстық», - деді кітапханашылар. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#әлФараби