Қазақстанда екінші тоқсанда оқушылар мектепке барып оқиды, деп хабарлайды Үкімет сайты.
Бұл туралы ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысында айтылды. Отырыс қорытындысы бойынша ВАК бірқатар шешім қабылдады:
"I. мектепте оқыту бойынша екінші тоқсаннан бастап қалалық және ауылдық мектептердің жұмысын 300 оқушыға дейін дәстүрлі форматқа көшіру; ата-аналардың өтініші бойынша 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат беру.
Бұл жағдайда санитарлық-дезинфекциялық режимді, маска тағу режимін, шахмат алаңын және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.
II. Театрлар мен мешіттердің жұмысы бойынша биылғы 2 қарашадан бастап театрлардың 30 пайызға дейінгі, бірақ залда 100 адамнан аспайтын жұмысына (әлеуметтік қашықтықты, маскалық режимді, термометрияны сақтау, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау); мешіттерде ұжымдық намазды (бес намазды) жұма намазын қоспағанда, бірақ залда 100 адамнан аспайтын (намаз кезінде 2 м әлеуметтік қашықтықты, маскалық режимді, термометрияны сақтау күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау) жүргізуге рұқсат етілсін", - делінген шешімде.