Мемлекет басшысы Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Измир провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан қайтыс болған және зардап шеккен азаматтар туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алды.
Тағы оқи отырыңыз: Түркиядағы жойқын жер сілкінісі: қаза болғандар саны 12 адамға жетті
"Сізге және осы табиғи апатта жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтасамын. Жарақат алған адамдардың тез арада отбасыларына қайта оралуларына дұға етеміз. Бауырлас түрік халқына шынайы тілекші ел ретінде, қажеттілік туындаған жағдайда, қазақ халқы мен Үкіметі тиісті көмек көрсетуге дайын", – делінген жеделхатта.