$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев Бозжырада қонақүй салу жобасын қайта қарауды тапсырды

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
фото: tourister.ru
фото: tourister.ru

Президені Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалында қонақүй салу жобасын қайта қарауды тапсырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Президент Маңғыстау облысындағы ерекше қорғалатын Бозжыра табиғат қорығының аумағына салынатын жаңа қонақ үйдің құрылысына қатысты қоғамның теріс пікірін ескере отырып, Үкіметке осы жобаны қайта қарау жөнінде тапсырма берді», -  деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Айта кетсек, жуырда әлеуметтік желі беттерінде Маңғыстау жеріндегі Бозжыра табиғи ескерткішінің аумағынан қонақ үйдің құрылысы басталғаны жөнінде видео тараған болатын.

Оқи отырыңыз: «Магиясы бар»: экологтар Бозжыра шатқалына қонақ үй салуға қарсы болып жатыр

Осы жағдайға байналысты бір топ маңғыстаулық белсенді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовқа ашық хат жолдап, нақты талап қойған еді.

Кейін Бозжырада қонақүй салу жобасына байланысты Экология министрлігі мен Мәдениет вице-министрі пікір білдірген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары