$ 494.87  520.65  4.91

Еліміздің бес өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райын болжаушылар таратқан ақпаратқа сәйкес, 20 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Сиоптиктер ауа райының бұзылуына орай еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жариялады деп хабарлайды nur.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Ауа райын болжаушылар таратқан ақпаратқа сәйкес, 20 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, таңертең және күндіз оның күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.

20-22 қарашада Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, дейді синоптиктер. 20-21 қарашада

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болады деп болжануда.

Мамандардың сөзінше, 20 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болады. Шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

20-21 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады. 20 қарашада күндіз, 21 қарашада тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғады. Кей жерлерде күші 15-20 м/с артады. 

Еске сала кетсек, Қазгидрометтің синоптиктері алдағы қыс қандай болатынын хабарлады. Ауа райын болжаушылардың мәліметінше, 2020-2021 жылдардың қысы өткен жылғы қысқа ұқсас, яғни жылы және жауын-шашынды болады деп болжанып отыр.

Сонымен қатар, ішкі істер министрлігі жолдарда сақтық шараларын қабылдау қажеттілігі туралы ескертті. Министрліктің хабарлауынша, жүргізушілердің жылдамдық режимін, көлік құралдары арасындағы қашықтықты сақтамауы - қыс мезгілінде орын алатын жол-көлік оқиғаларының басты себептері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары