Жаңалықтар 22.11.2020 сағат 07:30

Украиналық шенеуніктер Асқар Маминмен кездесуге жалған ПТР-анықтамамен келген

Пандемияға байланысты украиналық тарап ПТР-тест қорытындысын ұсынуы қажет болды. Қазіргі регламент сондай.
Украиналық шенеуніктер Асқар Маминмен кездесуге жалған ПТР-анықтамамен келген
фото: odessa.net.ua
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклий пен Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевский халықаралық даудың ортасында қалды. Олар Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминмен кездесуі тиіс болатын. Украиналық шенеуніктер жалған ПТР-анықтамамен келген деп хабарлады paryz.kz, "Комсомольская правда Казахстан" басылымына сілтеме жасап.

Келіссөздерде қандай мәселе талқылануы керек болғаны хабарланбады. Алайда журналистер Криклий Маминмен кездеседі деп жоспарланғанын айтып отыр. Пандемияға байланысты украиналық тарап ПТР-тест қорытындысын ұсынуы қажет болды. Қазіргі регламент сондай.

"Украина министрлері қазақстандық премьердің хаттама қызметіне анықтама берген. Алайда олардың жалған екені анықталды. Бұдан соң кездесу өтпейтін болды", - деп жазады басылым.

Украиналықтар ақпаратты жоққа шығармады, сондай-ақ шағым түсірген де жоқ. Украинаның премьер-министрі Денис Шмыгаль қарамағындағылар үшін Асқар Маминнен кешірім сұрады. 

Бұл жағдай екі елдің қарым-қатынасына қалай әсер ететіні уақыт өткен соң белгілі болады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар