Жаңалықтар 28.11.2020 сағат 20:50

Еліміздің 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ертең Өскеменде боран соғады, оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады екпіні 15-20 м/с жетеді.
Еліміздің 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстанның 8 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап. 

29 қарашада Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қалың қар жауып, боран соғады. 

Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Ертең Өскеменде боран соғады, оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады екпіні 15-20 м/с жетеді.

29 қарашада Семейде бұрқасын, оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады екпіні 15-20 м/с жетеді.

29 қарашада түнде Ақмола облысының оңтүстік-шығысында қалың қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жаяу боран соғуы ықтимал. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Ертең Көкшетауда тұман түсуі ықтимал.

29 қарашада Павлодар облысының кей жерлерінде қалың қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

29 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

29-30 қарашада Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

29 қарашада Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Ертең Ақтауда шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Алдағы екі күнде Таразда тұман түсуі мүмкін.

29 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. 29 қарашада

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар