Синоптиктер 1-3 желтоқсан күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аяз болады.
"Республиканың басым бөлігіне аязды, көбіне жауын-шашынсыз ауа райын сақтайтын Моңғол антициклоны өз ықпалын тигізуді жалғастырады. Тек оңтүстік және оңтүстік-шығыста, оңтүстік циклонның шұңқырының әсерінен қар жауады. Еліміздің кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі, жел күшейеді", - делінген хабарламада.