05.12.2020, 23:48

Бурабайдағы төрт әйелдің өліміне қатысты тың деректер жарияланды

Фото: ашық дереккөзі
Қайтыс болғандардың бірі - 70 жастағы үй иесі. Оның 41-дегі қызы мен екі көршісі де көз жұмды.

5 желтоқсанға қараған түнде Ақмола облысы Бурабай ауданында болған төрт әйелдің өліміне қатысты тың дерек шықты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бурабай ауданы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, пәтерлердің бірінде үйдің екі иесі мен екі көршісінің денесі табылған. Қайтыс болғандардың бірі - 70 жастағы үй иесі. Оның 41-дегі қызы мен екі көршісі де көз жұмды. 

Сыныптасының айтуынша, 41 жастағы әйел соңғы кезде жиі алкоголь ішетін болыпты. Оның артында 20 және 13-тегі екі қызы қалған. Пәтерде Вераның тағы екі танысының мәйіті табылды. Олардың біреуі Қарағандыдан келіп, жергілікті қонақүйде немесе дүкенде жұмыс істеген екен. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысында жантүршігерлік қылмыс болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.