$ 494.87  520.65  4.91

Еңбекмині Әлеуметтік қамсыздандыру кодексінің тұжырымдамасына ұсыныстар жинауды жалғастыруда

ұл қазақстандықтарға өмір бойы берілетін мемлекеттік көмектің түрлері мен көлемін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді.

Қазақстан өңірлерінде Әлеуметтік қамсыздандыру кодексінің тұжырымдамасын талқылау және оған ұсыныстар жинау үшін жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен және жұртшылықпен кездесулер өтуде. Осы мақсатта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) Ұлттық ресурстық орталығы жанындағы Әлеуметтік қамсыздандыру кодексінің жобасын әзірлеу жөніндегі сараптама тобының өкілі Жұмажан Жүкенов Ақмола, Қарағанды, Жамбыл және Түркістан облыстарына барды.

Халықпен кездесу барысында сарапшы жаңа Кодекс әлеуметтік қорғауға қатысты заңнаманың барлық нормаларын біріктіріп, ретке келтіруі тиіс екенін айтты.

«Қазіргі уақытта қазақстандықтарға 17 заңмен және 100-ден астам заңға тәуелді актімен реттелетін әлеуметтік қамсыздандыру шараларының кең спектрі ұсынылады. Бұл азаматтарға мемлекеттік қолдау шаралары бойынша оңай бағдарлауға мүмкіндік бермейді, халыққа әлеуметтік заңнаманы түсінуінде қиындықтар туғызады», – деп атап өтті Жүкенов.

Оның айтуынша, Кодексті әзірлеу аясында әлеуметтік қолдау шаралары көмек көрсетілетін жағдайларға байланысты жүйелендірілетін болады.

«Жаңа кодексте адам өмірінің әрбір кезеңіне қатысты бөлімдер қамтылады деп жоспарлануда. Бұл қазақстандықтарға өмір бойы берілетін мемлекеттік көмектің түрлері мен көлемін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Кодексті қабылдаудың нәтижесі заңнаманы қабылдауды жеңілдету мен сапалы жақсартумен қатар, әлеуметтік қызметтердің сапасын және медициналық-әлеуметтік ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыру болуға тиіс», – деді Жұмажан Жүкенов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Әлеуметтік қамсыздандыру кодексін әзірлеу және қабылдау арқылы әлеуметтік заңнаманы шоғырландыру бойынша жұмысты бастауды тапсырды.

Еңбекмині Кодекс тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті. Бұл жұмысты 2021 жылдың 2-тоқсанында аяқтау жоспарлануда,  содан кейін тұжырымдама негізінде Әлеуметтік қамсыздандыру кодексін әзірлеу басталады.

Ел азаматтары Кодекстің тұжырымдамасына өз ұсыныстарын келесі арналар арқылы жібере алады:

- Facebook тобы: https://www.facebook.com/groups/expert2020

- WhatsApp: +7 708 180 35 38 https://wa.me/message/RIAPN2DTW25UP1

- https://t.me/expertsocial telegram каналы;

- expert2020@mail.kz электрондық поштасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары