Шиеліде шағын және орта бизнесті дамыту үшін 121 жоба жүзеге асырылмақ
Бұл туралы «Nur Otan» партиясы атынан Қызылорда облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер тұрғындармен болған кездесуде айтты. Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Баян Дүйсенбек, Мөлдір Дүйсенова, Мунира Дүйсебаева және аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Ғалымжан Әлтаев Шиелі ауданы, Еңбекші ауылының тұрғындарымен кездесті. Партия мүшелері іс шара аясында ауыл тұрғындарын толғандырып жүрген сауалдары мен ұсыныстарын тыңдады. Түйіткілді мәселелерді бірге талқылап, оларды шешу жолдары партия тарапынан қарастырылатынын жеткізді. Басқосу аясында егістік алқаптардағы су тапшылығын жою, ауыл жастарын жұмыспен қамту, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға байланысты мәселелер де сөз болды.
Екі-жақты диалогтық кездесу аясында кадидаттар партия тарапынан атқарылатын жұмыстар, жаңа бастамалар мен өңірлерді дамыту мәселелерін қамтыған сайлауалды бағдарламаны кеңінен таныстырды. Жағымды жаңалықтармен бөлісті. Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты жақсартуды көздейтін «Ауыл ел бесігі», «Құтты мекен» партиялық жобалардың жалғасатынын жеткізді.
Алдағы 5 жылда Шиелі ауданында мемлекеттік бағдарламалар және жеке инвесторлар есебінен өңдеу, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес салаларында барлығы 121 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Автомобиль жолдарын күрделі жөндеу және 3 мың гектар суармалы жерлердің көлемін арттыру көзделуде. Мемлекеттік бағдарламалар нәтижесінде 2025 жылы шағын және орта бизнес субьектілерінің үлесін 93,5 пайызға арттыру межесі де қойылған.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.