Ақтау қаласының халықаралық әуежайында мерзімі өткен ПТР-анықтамамен келген Қырғызстан азаматы депортацияланды. Осы жайлы ақпарат Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысының шұғыл ресми Telegram каналында жарияланды.
2020 жылғы 21 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Индонезия, Мысыр, Түркия, БАӘ, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасынан 7 халықаралық әуе рейсі келді. 799 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 721 адам, анықтамасыз 78 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 2 рейс, 323 жолаушы, анықтамамен - 297, анықтамасыз - 26;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 187 жолаушы, анықтамамен - 174; анықтамасыз - 13;
- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 150 жолаушы, анықтамамен - 116; анықтамасыз - 34;
- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен - 133; анықтамасыз - 5;
- Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келді.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2020 жылдың 20 желтоқсанында анықтамасыз келген 363 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Шарм-эль-Шейх – Алматы рейсімен келген 1 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.
Сонымен қатар, Түркиядан ұшып келген Қырғыстан азаматы, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Ақтау қаласының әуежайынан депортацияланды.