$ 443.35  475.54  4.82

«Халықтың өмір сүру ұзақтығы 74,6-дан 77,4 жасқа дейін ұзарады» - «Nur Otan»

Шұғыл медициналық көмек қызметі жаңғыртылып, "кешенді медициналық ақпараттық жүйесі енгізіледі.

Індеттің алдын-алу ісі – баршаға ортақ міндет. Шымкенттің бас санитарлық дәрігерінің қауіпсіздікті сақтау жөніндегі қаулысы күшін жойған жоқ. Десек те, мегаполис тұрғындары қарапайым қағидаларды сақтауда құлықсыздық танытып жүр. Осыны ескерген «Nur Otan» партиясының өкілдері сауда орталықтарында санитарлық жағдайды сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ел аузында «Акбар базары» атанып кеткен сауда орталығына келушілердің қарасы қалың. Сауда орталығының басшылығы келушілерге тегін маска таратуда. Әйтсе де, тұтынушылар мен көлік жүргізушілері сақтыққа салғырт қарауда. «Nur Otan» партиясының өкілдері сауда орталығындағы кәсіпкерлермен сөйлесті. Қарапайым медициналық бетперде, қолғап және антисептик сұйықтықтарымен сауда нүктелерін күнделікті қамтамасыз етіп тұру керек.  «Бұл базар басшылығының міндеті»,- екенін түсіндірді тексеруші тарап.

«Nur Otan» партиясының «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша партиялық кураторы: «Мереке қарсаңында базарларда келушілер саны артады, осыған байланысты халық көп шоғырланған жерлерді санитарлық талаптардың сақталуы маңызды», – деп атап өтті Гүлнәр Құрманбекова. 

Расында арқаны кеңге салуға болмайды. Қыс ауасында індеттің өршуі ықтимал. Сондықтан мамандар сақтық шараларын қатаң ұстауды ескертеді.

Пандемияға байланысты күрделі эпидемиологиялық ахуал кезеңінде медицина саласына түскен ауыртпалық 2 есеге артқаны есімізде. Стационарлар мен провизорлық орталықтардағы төсек орындардың 96 пайызы науқастармен толды. Бұл өз кезегінде медицина саласына ерекше көңіл бөлу қажет екенін көрсетті. Қашанда халық денсаулығына жіті мән берген партия мәселені шапшаң шешуді игі ұстанымдарының біріне айналдырған. Осы орайда аталған денсаулық сақтау мәселесі Шымкент қалалық Сайлауалды бағдарламада кеңінен көрініс тапты.

Біріншіден, 
Жедел медициналық жәрдем станциясы толық жаңартудан өтеді;
Қаланың медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылады (өкпені жасанды винтилляциялау аппараттары, пульсоксиметрлер, КЩС анализаторлары, «Бобров» аппараттары, пациенттің мониторлары, шприцті сорғы, электрокардиографтар, флюорографтар және т.б. сатып алынады);

2023 жылы шетелдік заманауи техникамен жабдықталған;

1 000 орындық көпсалалы аурухана халықтың игілігіне беріледі;

Медициналық нысандар тапшылығын шешу мақсатында алдағы 5 жылда 10 медициналық мекеменің құрылысы жүргізіледі. 

2023 жылға дейін қаланың шет аймақтарында 12 дәрігерлік амбулаториялар салынады. 
2024 жылға дейін қаладағы 36 медицина мекемесінің материалдық-техникалық базасы жаңартылады.

Екіншіден, 
Медицина қызметінің сапасын арттыру мақсатында жыл сайын медицина саласындағы кадрлардың 30 пайызын қамтып, Израиль, Германия, Ресей, Литва елдерінің жетекші мамандарымен шеберлік-класстар өткізіледі;

Кардиологиялық орталық «Ұлттық ғылыми кардио-хирургиялық орталықтың» басқаруына беріліп, алғаш рет жүрекке трансплантация оталары жасалады;

2021 жылы қатерлі ісік ауруларын емдеу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында позитронды-эмиссиондық томография  іске қосылады;

2021 жылы бедеулікті емдеу үшін «Репродуктивті медицина институтының Шымкент қалалық филиалы» ашылады. Бұл өз кезегінде, жыл сайын 500-ден астам азаматты қаламызда емдеуге мүмкіндік береді; 

2021-2025 жылдар аралығында қарттардың жағдайын жасау мақсатында 4 «Өмір сапасын ұзарту орталығы» салынады; 

«Симуляциялық орталығы» қызметі сапалы түрде жүзеге асырылады;

Шұғыл медициналық көмек қызметі жаңғыртылып, "кешенді медициналық ақпараттық жүйесі енгізіледі. Нәтижесінде халықтың өмір сүру ұзақтығы 74,6-дан 77,4 жасқа дейін ұзарады.
«Nur Otan»  партиясының басты құндылығы қашанда — адам , оның жайлы және бакуатты өмір сүруі мен денсаулығы.

Қазіргі күрделі жағдайда бұл айрықша маңызға. Осы орайда «Nur Otan» партиясы проблемаларды нақты түсінеді және әр азаматтың мүддесі үшін жұмыс істейтін қуатты ресурстарға ие.

«Nur Otan»  нақты істер партиясы!
«Nur Otan» -ға дауыс бер!

Ескерту! Материал ақысы «Nur Otan» партиясы Шымкент  қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары