Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталғалы жарты айдан астам уақыт өтті. Жер-жерде үгіт жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Әр деңгейдегі мәслихат депутаттары түрлі форматта кездесулер өткізіп, берілген уақытты барынша тиімді пайдалануға әрекет етуде. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қуат Байғоджаев бүгін онлай мен офлайн кездесуді бірге өткізді.
Видеоконференцияларға арналған zoom қосымшасы арқылы аудандағы әр округтің тұрғындарын тікелей эфирде топтастырған Қуат Сұлтанұлының кабинетіне де бір қауым халық жиналды. Бетпе-бет кездесу мен онлайн кездесуді біріктіре отырып, «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық сайлауалды штабының жетекшісі тұрғындардың өзара пікір алмасып, аудандағы ахуалды бірлесе талқылауына мүмкіндік берді.
Жиын барысында «Nur Otan» партиясының Еңбекшіқазақ аудандық сайлауалды бағдарламасы да сөз болып, алдағы бес жылға жасалған жоспарлар сараланды. Кездесуге жиналғандарға партияның бағдарламаларын жан-жақты таныстырған партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев 10 қаңтарда ел болып, сайлауға қатысуға, өз таңдауларын жасауға шақырды.
Ескерту! Материалдың ақысы «Nur Otan» партиясы» ҚБ Алматы облыстық Еңбекші қазақ аудандық (Есік қаласы) штабының сайлау қорынан төленді.