$ 494.87  520.65  4.91

САЙРАМ АУДАНЫ: Медициналық қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділікті арттырамыз!

Ауданда адамдарға алғашқы медициналық көмекті барынша жақындату: ауылдық медицинаны материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, шалғай ауылдарда тұратын ауыл тұрғындары үшін дәрі-дәрмекке қол жеткізу мәселелерін шешу, сырқаттанушылық пен өлім-жітімді азайту, сондай-ақ 0-1 сатыдағы қатерлі ісіктерді уақтылы анықтау жұмыстарына ықпал етеді.

«Nur Otan» партиясы атынан сайлау науқанынан түсіп жатқан үміткерлер тарапынан үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жалғасуда. Бүгін облыстық мәслихат депутаттығынан үміткер Жансерік Мұсаханұлы Жібек жолы ауылдық округінде болып, Жаңақұрылыс көшесі тұрғындарымен канвассинг шеңберінде кездесті. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды, тұрғындардың мәселесімен танысты.

- Сайрам ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы 7 басты бағыттан тұрады. Олардың барлығы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, елдімекендерді таза ауыз сумен, табиғи газбен қамтуға, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдауға, сондай-ақ білім саласы мен медицина саласын дамытуға бағытталып отыр. 

Атап айтар болсақ, «Nur Otan» партиясы қазақстандық медицинаның жоғары стандарттарға сай болуын және әрбір азаматқа денсаулық сақтау саласындағы үздік тәжірибелерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуді қолдайды. Ауданда адамдарға алғашқы медициналық көмекті барынша жақындату: ауылдық медицинаны материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, шалғай ауылдарда тұратын ауыл тұрғындары үшін дәрі-дәрмекке қол жеткізу мәселелерін шешу, сырқаттанушылық пен өлім-жітімді азайту, сондай-ақ 0-1 сатыдағы қатерлі ісіктерді уақтылы анықтау жұмыстарына ықпал етеді.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

- Сайрам аудандық орталық ауруханасын қажетті медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз етуге;
- IV санаттағы жедел жәрдем бригадасына 5 санитарлық автокөліктер сатып алуға;
- 5 дәрігердің (офтальмолог, уролог, травматолог, инфекционист, терапевт) тапшылығын шешуге; 
- жыл сайын 230 медициналық қызметкердің біліктілігін арттыруға;
- тұрғындарды (жыл сайын 70 мыңнан астам адам) скринингтен уақтылы өткізуге;
- 2021 жылы 1 медициналық пункттің (Қарасу а/о, Жаңатұрмыс ауылы) құрылысына;
- 2022 жылы аудан орталығы Ақсу ауылында ауысымында 250 адам қабылдайтын аудандық емхананың құрылысына; 
- 2023 жылы қуаттылығы 100-150 адам қабылдайтын бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша 2 орталықтың (Қарасу, Манкент ауылдары) құрылысына;
- 2023 жылы аудан орталығында (Ақсу ауылы) 50 жатын орындық жұқпалы аурулар бөлімшесінің құрылысына;
- 2024 жылы 50 адам қабылдайтын 2 дәрігерлік амбулаторияның (Аққала, Ақбастау елді мекендері ) құрылысына;
- 2025 жылы 50 адам қабылдайтын 2 дәрігерлік амбулаторияның (Әсіларық, Ақбай елді мекендері) құрылысына:
- коронавирус инфекциясына қарсы санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды ұйымдастыруға;
- денсаулық сақтау мекемелерін қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен, жеке қорғаныс құралдарымен, дезинфекциялық және залалсыздандыру ерітінділерімен толық қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай аудан тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 72,8 жасқа артады, - деді Ж.Мұсаханұлы.

Тұрғындар өз тараптарынан алғысын білдіріп, ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізіп жүрген азаматқа алғысын жеткізді. Сайлауға белсенді қатысуға сөз беріп, халық үшін қызмет ететін азаматтарды таңдайтынын айтты.

 «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалының баспасөз қызметі.

Ескерту! «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары