$ 443.35  475.54  4.82

Нұр-Сұлтаннан Шымкентке қатынайтын ұшақ тоқтатылды

Әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған рейс жолаушылары басқа рейске қайта тапсырыс бере алады немесе билетті сатып алған жеріне қайтара алады.

«Эйр Астана» әуе компаниясы тұман мен ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Шымкентке қатынайтын рейстердің тоқтатылатынын ескертті.

Шымкент қаласының әуежайында қолайсыз ауа райы жағдайларына (тұман, көріну деңгейі өте төмен) және жағымсыз ауа райы болжамына байланысты бүгінгі рейстер - KC971/972 Алматы– Шымкент – Алматы, KC 341/342 Нұр-Сұлтан – Шымкент – Нұр-Сұлтан және қосымша рейстер KC9710/9720 Алматы-Шымкент-Алматы тоқтатылып, ұшақтар ұшпайды.

Әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған рейс жолаушылары басқа рейске қайта тапсырыс бере алады немесе билетті сатып алған жеріне қайтара алады.

Еске сала кетейік, 30 желтоқсанда еліміздің жеті өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары