Бүгін Талғар ауданы "Nur Otan" партиясы сайлау науқаны қарсаңында Облыстық және Аудандық маслихат депутаттығына үміткерлер Сулейменов Асқар, Сембаев Амангелді, Еңкебайұлы Жұмахан кезекті үгіт-насихат жұмыстарын Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде жүргізді.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасымен кеңінен таныстырып, алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды.
Қойылған сұрақтарға толық жауап берді, көтерілген мәселелерді сайлау алдындағы бағдарламаға енгізіп, бақылауға алды.
Ескерту! «Nur Otan» партиясы Талғар аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.