09.01.2021, 07:12

9 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Алматы облысының кей жерлерінде қатты аяз сақталады.

«Қазгидромет» РМК 9 қаңтар күніне жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан территориясының басым бөлігіне әлі де Солтүстік антициклон жотасы ықпал етеді және басым бөлігінде қар, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың батысында, солтүстік-батысында және күндіз солтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын, батысында – көктайғақ, шаңды дауыл күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақтобе, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді; Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Түнде Алматы облысының кей жерлерінде қатты аяз сақталады.