Мамандардың айтуынша, бұл қауіпті шегірткеле Ойыл ауданына Батыс Қазақстан облысынан ұшып келген, деп хабарлайды Skifnews.kz.
―Әдетте бізде италиялық шегірткелер болатын. Ал, «азиялықтар» олардан үлкенірек және өзен жағасына шоғырланады. Азиялық шегірткелердің ұялары тек Ырғыз өзенінде болатын. Бірақ, 13 шелдеден бастап Ойыл жеріне азиялық шегірткелердің 3 тобы ұшып келді. 19 күні біз Ойылға барып, өңдеу шараларын жүргіздік. Бұл жұмыстар таң ертесімен, шегіркелер әлі жерде жатқан кезде жүргізіледі. Ал, егістіктер мен бақшалар иелері өз қолдарымен сеуіп жатыр, ― дейді фитосанитарлық диагностика және болжам әдістемелік орталығының жетекшісі Төлеп Жәкеев.
Алдымен бұл шегірткелерді алдымен 9 шілде күні Қараойдың даладағы шөпшілері байқаған екен. Ал, бір аптадан кейін жәндіктер Көптоғайға жетіп, ондағы 5 ауылдың бақшасына шабуыл жасаған.
Төлеп Жәкеевтің айтуынша, олардың жалпы ұзындығы 8 шақырымға дейін жетеді. Бір аптаның ішінде Көптоғайға келіп болған.
― Мен мұндайды 38 жылдық тәжірибемде бірінші рет кезіктіріп отырмын. Бұл азиялық шегірткелердің тығыздығы шаршы метріне мың бастан келеді, ― дейді ол.