$ 446.49  475.38  4.79

Шымкентте қылмыскерлер 9 келі есірткімен көшеде ұсталды (ВИДЕО)

Шымкенттік құқық қорғаушылар аса ірі көлемдегі есірткі затын сату фактісін әшкереледі, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері «Арлан» арнайы жасағының сарбаздарымен бірлесе отырып, қала көшелерінің бірінен екі жігіт ағасын қолға түсірді.

«40 және 49 жастағы жергілікті тұрғындар есірткі затын сатады деген күдікпен бақылауға алынған болатын. Арнайы операция жүзеге сәтті асып, сезіктілер айғақты заттарымен бірге ұсталған еді. Олардың арасында тоғыз келіге жуық есірткі заты мен 7 миллион теңге ақша да бар», делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары