$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан Газа секторына алаңдаулы

Қазақстан Израиль мен Палестинаны қантөгісті тоқтатуға шақырады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, Қазақстан Газа секторындағы азаматтық халықтың көбінің құрбан болуына әкеліп соққан дағдарыстың ушығуына байланысты алаңдаушылық білдіреді.

«Израиль мен Палестинаны қантөгісті дереу тоқтату үшін шұғыл әрі шешуші әрекеттерді қолдануға және бейбіт келіссөздер процесін жандандыруға шақырамыз. Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың бастамалары мен келісілген қадамдарын, соның ішінде, ұзақжылдық жанжалды реттеуде өзара тиімді шарттар мен ұстанымдарды қарастырып келе жатқан БҰҰ ұрандарын қолдайды», делінген таратылған хабарламада.

ҚР Сыртқы істер министрлігі ахуалдың одан әрі ушығуы жанжалдасушы тараптар мен халықаралық қоғамдастықтың ұзақмерзімді бейбітшілік пен аймақтық тұрақтылықты қалыптастыруға күш салуын жоққа шығарып, Таяу Шығыста тұрақсыздықтың болуына әкеліп соғатынын ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары