22.01.2021, 15:40

Атырау облысында пара алғандарды хабарлағандар қанша сыйақы алады?

Соның ішінде Нұрлан Таубаевтың ісі, Таубаевтың пара бопсалағаны туралы хабарлаушы қанша сыйақы алатыны жайлы сұрақ болды.

Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіндегілер бірқатар сұраққа жауап берді, деп хабарлайды azh.kz

Соның ішінде Нұрлан Таубаевтың ісі, Таубаевтың пара бопсалағаны туралы хабарлаушы қанша сыйақы алатыны жайлы сұрақ болды.

«Егер пара мөлшері 1000 АЕК-тен (2021 жылы 2 917 000 теңге) асып кетсе, біржолғы ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген зиян сомасының 10%-ы болады, бірақ 4000 АЕК-тен аспайды. Алайда сыйақының сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана берілетінін түсіну керек. Бұл жағдайда да осылай болады», - деп жауап берген.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 10 қыркүйегінде ұсталған Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаровқа 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

4 желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен Құрылыс басқармасының басшысына қатысты қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтағанын хабарлады.