$ 494.87  520.65  4.91

«Зейнетке шығудың жас шегін 60 жасқа дейін азайту керек» - Мәжіліс депутаты

Сондай-ақ депутат ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері орташа жалақыға тең болуы тиіс деп есептейді.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Мәжіліс депутаты Александр Милютин зейнетақы жүйесін қайта құру қажет деп санайды. Олар бұл туралы ұсынысын премьер-министр Асқар Маминге жолдады.

«Қазақстандықтардың денінде жалақының аздығынан зейнетақы жинағы жеткіліксіз. Біздің партия (ҚХП) бұрынғы зейнетақы жүйесіне қайта оралуды ұсынады. Біздің басты ұсынымыздың бірі - азаматтардың еңбек демалысына шығу жасын қайта қарау. Оны еңбек жағдайының күрделілігіне сүйене отырып есептеу қажет. Зейнетке шығудың жас шегін азаматтың жынысына қарамастан, 60 жасқа дейін азайту керек. Жұмыссыз жастар туралы маңызды мәселе туындаған жағдайда зейнетке шығу жасын кезең-кезеңімен көтеру мүлдем мағынасыз болып көрінеді», - деді Мәжіліс депутаты Александр Милютин.

Сондай-ақ депутат ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері орташа жалақыға тең болуы тиіс деп есептейді.

«Лайықты қарттыққа номиналды инфляцияны ескеріп қана қоймай, нақты тұтыну бағаларының өсу индексін, сондай-ақ жалақының өсу индексін ескере отырып, зейнетақыны жыл сайын индекстеумен нығайту қажет», - деп атап өтті ол.

Ол 2020 жылы төтенше режимін енгізген кезде табысынан айырылған 4,6 млн адам мемлекеттік көмек алғанын, экономикалық белсенді халықтың 47%-ы іс жүзінде жұмыссыз қалғанын еске салды.

«Бес жыл ішінде алғаш рет БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтары төмендеуге көшті. 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша олар 11 трлн 405 млрд теңгені құрады, ал 2020 жылғы 1 маусымға қарай 11 трлн 388 млрд теңгеге дейін азайды, яғни 17 млрд теңгеге қысқарды. Халықтың зейнетақы жүйесіне белсенді қатыспауы, өте төмен деңгейдегі жинақ жағдайды одан әрі ушықтыруда», - деп түйіндеді депутат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары