$ 494.87  520.65  4.91

Мәжіліс елді дүрліктерген заң жобасын кері қайтарып алды

заң жобасын бастамашы депутаттар 22 қаңтарда кері қайтарып алған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазақстандық қоғамда қызу пікірталас тудырған "Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасын депутаттар кері қайтарып алды. Бұл туралы zakon.kz тілшісіне Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Жәмила Нұрманбетова айтты.

Оның айтуынша, заң жобасын бастамашы депутаттар 22 қаңтарда кері қайтарып алған.

Заң жобасының нормалары қоғамда қызу пікірталас тудырды. Барлық объективті ұсыныстарды, ескертулер мен мәлімдемелерді таразылай келе, аталған заң жобасын кері қайтарып алу туралы шешім қабылданды. 
Мемлекет басшысы айтқандай: "Негізгі мақсат - әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау". Қазір біз заң жобасының жаңа мәтінімен жұмыс істеп жатырмыз, - деді Нұрманбетова.

Депутат заң жобасының жаңа мәтіні барлық мүдделі мамандарды, азаматтық сектор өкілдері мен тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, барлық талқылау алаңдарында міндетті түрде талқыланатынын атап өтті.

Сондай-ақ ол қамқоршылық органдарына балаларды "кез-келген себептермен" алуға мүмкіндік беретін нормаға да тоқтала кетті.

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекстің қолданыстағы 82-бабында баланың өміріне немесе денсаулығына дереу қауіп төнген жағдайда қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органның құқығы бар деген нормалар қазірдің өзінде қарастырылған, баланы дереу ата-анасынан немесе бала бірге тұратын басқа адамдардан алуға құқық беретін. Сонымен қатар, сот шешім шығарғанға дейін бала қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорғауында болады деп еске салды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары