Жаңалықтар 27.01.2021 сағат 22:15

Ішкі істер министрі Мәжіліс төрағасының айыптауына жауап бере алмады

Мұның бәрі погон таққандардың қатысуынсыз жүзеге аспайтыны түсінікті ғой.
Ішкі істер министрі Мәжіліс төрағасының айыптауына жауап бере алмады
фото: egemen.kz/sputnik.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

 Көлік ұрлығына ішкі істер қызметкерлерінің қатысы бар. Бүгін Парламенттегі пленарлық отырыста Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Астана арнасы. 

 Оның дерегінше, соңғы 15 жылда ел аумағынан 40 мыңнан астам темір тұлпар шекара асып кеткен. Алайда, соның тек 66-ы ғана иесіне қайтарылыпты. Ұрланған көліктердің дені көршілес елдерге жөнелтілген. Төменгі палата төрағасы автомобильдердің жаппай қолды болуына көліктің VIN-кодын заңсыз алу жағдайлары себеп болған, дейді. Ал мұндай құқық тек ішкі істер қызметкерлерінде ғана бар екенін еске салды. Нұрлан Нығматулин көлік ұрлау схемасының "басында" отырғандарды тауып, оларға лайықты жазасын беруді талап етті. 

"Ерлан Заманбекұлы, мұның бәрі погон таққандардың қатысуынсыз жүзеге аспайтыны түсінікті ғой. Қазақстанда да, басқа елдерде де. VIN-код деген жеке дерек. Ол кез келген жерде бола бермейді. Ол осы шаруамен айналысатын адамдар да ғана бар. Сіз нәтиже көрсететін генералсыз, білеміз. Бірақ тәртіп орнатыңыз", - ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Н. Нығматулин.

Ал, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев болса, бұл уәжге айтар сөз таппады. Мәжіліс спикерінің айыптауына министр басын изегеннен басқа жауап қата алмады. Ол тек ұрланған көліктерді тез қайтарудың жолын ұсынумен ғана шектелді. Оның айтуынша, шекара асып кеткен автокөліктерді бұдан былай 1 ай ішінде табуға болады. Бұл - Ресей, Тәжікстан, Беларусь, Қырғызстан, Молдова елдері қолдаған ортақ келісімнің жемісі деді.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар