Үстіміздегі жылдың 1-ші тамызынан бастап Алматы-Ақтөбе бағыты бойынша жүрдек пойыз жолға шығады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында және жүрдек жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жоспарына сәйкес үстіміздегі жылдың 1 тамызынан бастап №49/50 «Алматы-2 - Ақтөбе» бағытындағы «Жібек жолы» жолаушылар пойызын сапарға аттандыратыны жайлы хабарлады. Пойыз құрамы «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталады.
«Құрам Шу, Жамбыл, Шымкент, Арыс-2, Түркістан, Қызылорда, Қазалы, Сексеуіл станцияларына аялдайды. Ақтөбеге дейінгі жол 30 сағат 08 минутты, қайтар жол 29 сағат 51 минутты құрайды», делінген хабарламада.