$ 494.87  520.65  4.91

Көкшетауда 13 жасар бала тоққа түсіп, мерт болды

Көкшетауда 6 сыныптың оқушысы тоққа түсіп, ажал құшты. Бұл туралы құқық қорғау органдарының қызметкерлері мәлім етті, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Полиция қызметкерінің мәліметі бойынша, қайғылы оқиға жайында қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне жедел-жәрдем қызметінің дәрігері хабарлаған. Дәрігердің айтуынша, келеңсіз жағдай облыс орталығындағы Сүлейменов көшесінің бойында түнгі сағат 22:00 шамасында орын алған.

Бағанадан жерге 1,2 метр шамасында жетер-жетпес салбырап тұрған электр сымын абайсызда ұстап қалған 13 жасар ер бала сол жерде көз жұмған. Кейін оның Көкшетау қаласындағы нөмірі 8 мектептің 6 сынып оқушысы екені анықталды.

Қазіргі кезде, баланың денесі мәйітханаға жіберіліп, соттық-сараптама жұмыстары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары