$ 448.15  483.46  4.86

Маңғыстауда жан түршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды

Оқиға Жаңаөзен қаласынан 10 шақырым қашықтықта орын алған. Жаңаөзен-Құланды тас жолында қарама-қарсы бағытта келе жатқан екі көлік бетпе-бет соқтығысып, салдарынан 4 адам көз жұмды деп жазады Lada.kz.

Алдын ала айтылған мәлімет бойынша, Mitsubishi Pajero жол талғамайтын көлігі ВАЗ-2115 жеңіл көлігіне соқтығысқан.

"Жол апаты орын алған жерге бір арнайы техника жіберілді. Оқиға орнынан ВАЗ-2015 көлігінде болған 4 адамның мәйіттері табылды. Оларды мыжылған көліктің ішінен алып шығу үшін арнайы техниканың көмегі қажет болған", - дейді Маңғыстау облыстық ТЖД өрт сөндіру және құтқару жұмыстары қызметінің мамандары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары