Маусым айында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағандыда теракт жасамақ болды деген күдікпен 7 адамның ұсталғанын мәлімдеген болатын. Комитеттің баспасөз қызметі ұсталған радикалдардың саны сегіз адамға жеткенін атап өтті. Бұл туралы Informburo.kz порталы хабарлап отыр.
ҰҚК өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда ұсталған күдіктілердің үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. "Лаңкестік топ құру және басқару", "Заңсыз қару-жарақ және оқ-дәрі, жарылғыш заттар алу, беру, ұстау және сақтау", "Заңсыз қару-жарақ дайындау" деректері бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Тергеудің құпиялығына байланысты өзге мәліметтер айтылмайды деді ҰҚК-нің баспасөз қызметіндегілер.
Естеріңізге салайық, 26 маусым күні арнайы жасақ өкілдері Балқаш қаласы пен Гүлшат ауылында арнайы операция жүргізіп, діни радикалдардың жолын кескен болатын. Олар қолдан жарылғыш заттар әзірлеп, теракт жасамақ болған. Гүлшат ауылындағы операция кезінде содырлардың бірі өзін жарып жіберді.