$ 444.22  476.38  4.82

Әлия Назарбаева қазақстандықтарға ВИДЕОүндеу жолдады

Бейнеүндеуінде Әлия Назарбаева елімізде ержүрек, мейірімді әрі қашан да көмекке әзір жандар көп екенін айтып, бұл жүлдені қазақстандықтардың жылы қабылдағанын сөз еткен.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

"Жандану әлемі" қайырымдылық қорының әрі Әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту қорының негізін қалаушы Әлия Назарбаева ADAM BOL AWARDS марапатына қатысты Қазақстан халқына бейнеүндеу жолдады. Қоғам қайраткері бейнеүндеуді өз Facebook парақшасында жария еткен.

"Құрметті достар! ADAM BOL AWARDS-қа дауыс беру аяқталуға жақын. Ертең, 20 ақпанда, ерлік көрсеткені үшін туыстары, достары мен көршілері ғана бұған дейін алғыс айтып келген еліміздің қаһармандарының есімдерін барлығымыз білетін боламыз, енді бүкіл ел оларға алғыс айта алады.

2021 жылы 1 наурызда Алматыда ADAM BOL AWARDS батырларын құрметтеу және марапаттау рәсімі өтеді. Біз сондай-ақ сарапшылармен және біздің командамен бірге лауреаттармен сөйлесуді, олардың әңгімелерін достық атмосферада тыңдауды және бәрімен алғыс айта отырып, қол алысуды жоспарлап отырмыз. Барлығына сәттілік тілеймін!", - деп жазған Әлия Назарбаева.

Бейнеүндеуінде Әлия Назарбаева елімізде ержүрек, мейірімді әрі қашан да көмекке әзір жандар көп екенін айтып, бұл жүлдені қазақстандықтардың жылы қабылдағанын сөз еткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары