Буркина-Фасо және Мали шекарасында апатқа ұшыраған Air Algerie ұшағында Қазазқстан азаматтары болмаған, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
«Air Algerie» әуекомпаниясының Мәскеудегі өкілдігінің ақпаратына сәйкес, 24 шілде күні апатқа ұшыраған ұшақ бортында қазақстандықтардың болмағандығын хабарлаймыз», делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, кеше Буркина-Фасо астанасы Уагадугудан Алжирге бағыт алған McDonnell 83 ұшағы радарларған жоғалып кетті. AH5017 рейсін Air Algerie компаниясы жүзеге асырған, ал ол ұшақты испаниялық Swiftair жалға алған. Уагадугудан ұшқан соң 50 минут өткеннен кейін ұшақпен байланыс үзілді.
Ұшақ бортында 116 адам, олардың қатарында 15 елдің азаматы болған, басым бөлігі - француздар. Алдын ала болжам бойынша барлығы қаза тапқан.