$ 494.87  520.65  4.91

Виктория Ганяның өліміне қатысты тергеу қыркүйекке дейін созылмақ - Прокуратура

Виктория Ганяның өліміне қатысты тергеу жұмыстары бес айға дейін созылуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдегендей, аталған іс бойынша тергеу амалдарын облыстық прокуратура 5 айға, 2014 жылдың 24 қыркүйегіне дейін созады.

«Қылмыстық іс бойынша тергеудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз ету үшін жедел-оперативтік шаралар кешенін жүргізу бойынша жазбаша тапсырма берілді», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, бірқатар тергеу амалдары жасалып жатыр. Полицияның барлық іс-әрекеттері прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен жүзеге асуда.

Бүгін жеті жасар Виктория Ганяның өліміне қатысы бар деп сезіктелген адам тергеу барысында кінәсын мойындаған болатын.

Ал, бұрын хабарланғандай, Рудный қалалық сотының санкциясымен тұрғылықты мекенжайы жоқ, тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығында өмір сүріп келген 19 жастағы азамат қамауға алынды.

Қыз жоғалған күні оның кіммен кеткендігін көрген екі куәгер күдіктіні таныды.

Еске сала кетсек, 22 мамырда Виктория Ганяның мәйіті табылған болатын. Қыз баланың бас-ми жарақатынан қайтыс болғаны анықталды. Мәйітті тапқан ерікті Владимир Радченко әуеліде полицейлердің қолында болған бейнебақылау жазбаларын пайдаланғанын айтты. Волонтер жедел іздестірушілердің қыздың денесін қалайша ұзақ уақыт бойы таба алмағанына таңғалады. Викторияның өлімі бойынша тергеуді дұрыс жүргізбегені үшін облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасарлары жазаланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары